Құс етін субсидиялау 50% көтерілуі мүмкін

Елімізде құс шаруашылығын ынталандыру үшін жергілікті бюджет есебінен субсидиялауды 25-тен 50 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жұмыртқаға төленетін қаражат өзгермейді. Мұны ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Сонымен қатар асыл тұқымды сүтті ірі қараны сатып алуға 300 мың теңге, ал етті мал бойынша 1 бас үшін 200 мың теңге қарастырылады. «Осылайша асыл тұқымды мал өсірушілерге бәсекелестік үшін тең жағдай жасалады», – деді ведомство басшысы.