Өзбекстанда Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

Шымкент 2025 жылға қарай елдің туристік орталығына айналады.

Аумағы жөнінен республикада ең ірі мегаполисте 45 демалыс аймағы және 120-дан астам қонақүй жұмыс істейді. Алдағы 3 жылда шаһарға келушілер саны 8 миллионға жетеді деп болжанып отыр. Қазір көрсеткіш 1 миллион. Шымкенттің туристік әлеуеті Ташкентте өткен роуд-шоуда таныстырылды. Жергілікті компаниялар арнайы саяхат турларын ұйымдастыруды ұсынды. Ташкент пен Шымкенттің туризм саласына жауапты мекемелері әріптестік орнатты. Жалпы шекаралас өңірлер барлық салада ынтымақтастығын нығайтып келеді. Келешекте Түркістан-Шымкент-Ташкент одан әрі Самарқанд, Бұқара бағытында жаңа теміржол желісін іске қосу жоспарда бар. Жүрдек пойыздар жол жүру ұзақтығын едәуір қысқартады.

Светлана Ким, туристік компанияның бас директоры:

- Өзбекстаннан көп саяхатшы қабылдай аламыз. Зиярат ететін орындарымыз жеткілікті. Көршілес жатқан өңір болған соң тарихи тұрғыда ұқсастықтар кездеседі. Жас та, жасамыс та қаламызда демалысын жақсы өткізе алады. 

Азамат Нұрымбетов, Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыс басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл өте жақсы бағыт. Біздің Шымкент қаласының турлары Шымкенттен басталып, әрі қарай оңтүстікке таралу үстінде.