Қазақстандықтар 1,1 млрд теңгені декларациясыз шетелге шығармақ болды

Қазақстандықтар 1,1 млрд теңгені декларациясыз шетелге шығармақ болды

Жыл басынан бері 159 адам жалпы көлемі 1 млрд 100 млн теңге көлеміндегі қаржыны декларацияламай шетелге шығарғысы келген.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзған 58 адамға жалпы сомасы 534 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Және бүгін "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша мен қаржы құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға, терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заңы қабылданды.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі:

- Қарастырылып отырған хаттаманы ратификациялау біздің еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.