Атырауда мұнай қоймасы салынады

Атырауда үлкен мұнай қоймасы салынады.

Бүгін өңірге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы "Қазмұнайгаз" компаниясының басшылығына осындай тапсырма берді. Бұл қойманы салуға қатысты келіссөздерді Энергетика министрлігі жүргізеді. Құрылыс басталмас бұрын жауаптылар экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескеру керек,- деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мұнайшылардың  күрделі кезеңде еңбек еткенін алға тартып, оларға өзінің ризашылығын білдірді. Болашақта аймақтың экономикасын әртараптандырып, Атырауды мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналдыру қажет, деді Мемлекет басшысы. Ол саладағы жұмыссыздықты болдырмау бойынша Үкіметке тиісті тапсырмалар берді.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мұнай қоймаларын барынша көбейту аса өзекті мәселе болып тұр. Қазір біз дайын мұнайды бірден экспортқа шығаруға мәжбүрміз. Өйткені технология сондай. Өндірісті тоқтатып қоюға болмайды. Осы орайда Қытайдың жақсы тәжірибесі бар. Олар өте үлкен қоймалар салған. Сол себепті мұнай болмай қалғанның өзінде ішкі нарықты 3-4 ай бойы қамтамасыз етіп тұра алады.