Теңге рубльге шаққанда нығая түседі

Теңге рубльге шаққанда нығая түседі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Бұған ресейлік инвесторлардың ұлттық валютаға сұранысты арттыруы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада Мәскеу биржасында теңге 4 млрд рубльге сатылған. Оның алдындағы сауда көлемі 1 миллиард болатын.  Қуантыровтың айтуынша, бұл үдеріс елдегі инфляцияға оң әсерін тигізеді. Оған қоса ресейлік тауарлар арзандауы мүмкін.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Биыл теңгенің тұрақты валюта екеніне көз жеткіздік. Иә, түрлі факторлардың әсерінен кейде құбылу болды. Теңге күшейе береді деп ойлаймыз. Бұл өз кезегінде экономиканың түрлі саласына ықпал етеді.