Ауыл халқына арзан процентпен кредит беріледі

Ауыл халқына төмен мөлшерлемемен несие бөлу үшін бюджеттен 52 млрд теңге қарастырылады.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары мәлімдеді. Роман Склярдың пікірінше, мұндай шара ауыл-аймақтағы жұмыссыздық мәселесіне сеп болмақ. Бағдарлама аясында 11 мың жұмыс орыны құрылмақ. Бұған дейін Жамбыл облысында іске қосылған қанатқақты жоба жақсы нәтиже берген еді. Сол кезде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ауылдықтар 2,5%-пен несие алған. Ендігі кезекте бұл жобаны еліміздің өзге өңірлерінде іске қосу көзделген.