Тұрақты дамытудың келер жылға арналған жоспары бекітілді

Тұрақты дамытудың келер жылға арналған жоспары бекітілді

Тұрақты дамытудың келер жылға арналған халықаралық жоспары бекітілді.

Соның аясында азаматтардың тұрмысын жақсартып, экономиканы нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов орнықты даму мақсаттары жөніндегі кеңестің алтыншы отырысын өткізді. Жиынға елдегі мемлекеттік орган басшылары мен дипломатиялық корпус, Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты. Ведомствааралық жұмыс топтары Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Бірріккен ұлттар ұйымы өңірлік хабын ашу туралы президент тапсырмасының орындалу барысын талқылады. Шетелдік сарапшылар елдегі реформаларға оң бағасын беріп, өз ұсыныстарын жеткізді.