Қазақстанда инфляция деңгейі 20% асты

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес желтоқсан айының қорытындысы бойынша инфляция 20,3% болды. Бұл тек былтырға ғана емес, соңғы бірнеше жылда болмаған жағдай. Ең жоғарғы бір айлық инфляция Жамбыл мен Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл өңірлерде азық-түлік бағасы күрт өскен. Мәселен қияр бағасы 30, қызанақ 15, тәтті бұрыш 8% қымбаттап кетті. Сонымен қатар тұрмыстық техника, құлаққап, планшеттер мен жылыту құрылғыларының бағасы шарықтап тұр. Ал инфляцияның ең төменгі деңгейі Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында.