ШҚО-да ірі логистикалық орталық салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында ірі көтерме-логистикалық орталық салынып жатыр.

Қазір Өскемендегі бұл кешенде тұрақтандыру қорының азық-түлігін сақтауға арналған сауда алаңдары мен қоймалар жасақталуда. Бұл елдегі ең ірі нысандардың бірі болмақ. Орталықтың құрылысын Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин барып көрді. Жаңа логистикалық желінің көмегімен Қытай елімен алыс-беріс жақсарады. Ал ел халқы сапалы әрі арзан өнімге қол жеткізеді. Үкімет басшысының орынбасары супермаркеттердегі азық-түлік бағасын да көрді.Оның айтуынша, Үкімет баға саясатын әрдайым бақылауда ұстайды. Барлық мүмкіндіктерді жасайды. Соның бір мысалы Глубокое ауданы елдің азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін осындағы май зауытының қуатын арттырады. Қазір шығысқазақстандық май өндірушілер ішкі нарықтың 70 пайызын қамтып отыр.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Қазіргі уақытта біраз жобалар бастап жатырмыз. Отандық өндірушілерге көмектесу тікелей. Оның мақсаты ертең толығымен Қазақстан өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз ету болады. Сүт өнімдері, ет өнімдері, май, күнбағыс майы, қарақұмық, басқалары. Осы өңірде әрине ең маңызды дамыған өнім саласы мына деген зауыт жаңадан салынған. 2025 жылға дейін, иесінің айтуынша, зауыт іске енсе, Қазақстан толық күнбағыс майымен қамтамасыз етіледі.