Жезқазғанда «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге аса бастады

Соңғы жылдары Жезқазғанда «Халық қатысатын бюджет» жобасы сәтті жүзеге аса бастады.

Былтыр жалпы құны 50 млн теңге болатын екі ұсыныс қолдау тапты. Ал биыл бұл бағдарлама бойынша қаржыландыру бірнеше есе артып, 331 млн теңге болды. Қалалық әкімдік тұрғындардан онлайн түрде ұсыныс жинауды бастады. Жоба шартына сәйкес аулаларды абаттандыру, көгалдандыру бойынша да өтініштер қабылданады. Тек ұсыныстың жобалық-сметалық құжаттарын тұрғындардың өздері жасауға тиіс.

Бибігүл Өмірзақова, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

- 1 жоба 10 мың АЕК аспауы керек. Ол 34 млн 500 мың теңгенің шамасында жобаның құны болуы керек. Биылғы жобалар эксперттік комиссиямен қаралып, дауыс беру арқылы таңдалады. Одан әрі 2024 жылдың бюджетіне салынады.