Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге кредит бөлінеді

Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге кредит бөлу көзделіп отыр.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, биыл жеңілдетілген бағамен 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Енді, мемлекеттің осы қолдауын алған фермерлер, белгілі бір шарттарды орындауы тиіс. Яғни егін науқаны қарсаңында тыңайтқыштарды уақытылы қолдану қажет. Қазақстанда тыңайтқыш өндіретін 12 зауыт бар. Алайда, шаруалар тарапынан отандық өнімге сұраныс аз. Минералды тыңайтқыштар, жеткілікті себіл-мейтіндіктен, еГін сапасы төмендеп кетуі мүмкін.  Премьер-Министр, мемлекет, өНімді сатып алу үшін, шаруаларға субсидия берілетінін айтты. Сондықтан, осы өн-дірістердің бәрі, алдымен отандық нарыққа бағытталуы қажет.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Сарапшылардың бағалауы бойынша минералды тыңайтқыштардың жеткілікті деңгейде себілмей қалуынан диқандарымыз 10 млн тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр. Бұл жиналған өнімнің  жартысына жуық. Сонымен қатар,   топырақтың тозуы мен   егіс алқаптарын   арамшөптердің басып кетуі де өнімнің сапасы мен көлеміне кері әсер етіп отыр.