Қазақстан «Шеврон» компаниясымен әріптестікті нығайтады

Еліміз «Шеврон» компаниясымен стратегиялық әріптестікті нығайтады.

Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «Шеврон»  мұнай-газ корпорациясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирн және «Шеврон. Халықаралық барлау және өндіру» компаниясының президенті Клэй Неффпен өткен кездесу барысында айтылды. Сондай-ақ Каспий Құбыр консорциумы құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттыру және, жұмыспен қамту шаралары талқыланды. «Теңізшевройл» еліміздің экономикасының дамуына, зор үлес қосқан, ең табысты жобалардың бірі, деді премьер-министр. Ал Найджел Хирн, осы уақытқа дейін қазақстандық кәсіпорындарға 176 млрд доллар тікелей қаржылық төлемдер жасалғанына тоқталды.