Шымкент мұнай зауыты қуаттылығын арттырады

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады.

Бұл туралы мегаполисті дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі кеңес кезінде белгілі болды. Жиын барысында оңтүстік өңірлік хаб құру шеңберінде сауда-логистикалық орталықты кеңейтіп, мұнай шикізатын терең өңдейтін жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу мәселелері талқыланды. Бұған дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының жылдық қуатын 6 миллион тоннадан 9 миллионға дейін жеткізу жоспарланған. Алайда сұраныстың жылдан жылға артуына байланысты бірден 12 млн тоннаға дейін жеткізілетін болды. Премьер-министр оның мүмкіндіктері мен арттыру тәсілдерін қайта қарап, бұл шұғыл түрде кірісуді тапсырды. Бұл жұмыс жаңадан салынатын қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысымен қатар жүргізіледі. Кеңес кезінде Үкімет басшысы қаңтар айындағы жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысты.