Қазақстан Қытаймен бірлесіп, екінші порт салады

Қазақстан мен Қытай бірлесе отырып, шекарада екінші құрғақ порт салады.

«Қорғас» халықаралық сауда орталығында бірлескен азық-түлік хабын құру керек. Мұны «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Алқалы жиында Президент қытайлық серіктестерді Каспий теңізі порттарының мүмкіндігін кеңейтуге шақырды. Яғни алдағы уақытта екі ел порттардың қызметін цифрландырып, кемелерді бірге жасауы мүмкін. Тағы бір жаңалық - қытайлық компаниялар Қазақстанда көлік кластерін құруы кәдік. Бұл көрші елдің брендке айналған темір тұлпарлары толықтай өзімізде жасалады деген сөз. Саммитте қауіпсіздік те айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияны текетірес алаңына айналдыруға болмайды деді.