Г. Шиповских: Қорғаныс өнеркәсібін жекешелендіруге болмайды

Қорғаныс өнеркәсібі кешеніне жататын кәсіпорындардың көбі жекенің қолына өтіп кетті.

Бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Сенат депутаты Геннадий Шиповских осылай деп, Үкімет басшысына сауал жолдады. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының құрылымына 15 кәсіпорын кіреді. Үкіметтің қаулысына сәйкес, оның бірқатарын сату жоспарланып отыр. Ал өндіріс жекеге кетсе, сарбарздарды қару-жарақпен және әскери техникамен толық қамтамасыз ете алмай қалуымыз мүмкін дейді депутат.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекет үшін қорғаныс өнеркәсібіне жататын кәсіпорындарды жекешелендіру келесі қауіпті нәтижелерді туындатуы мүмкін. Бірінші мемлекет тарапынан жеке меншік қорғаныс өнеркәсібін қадағалау мүмкіндігінің азаюы, екінші қорғаныс өнеркәсібіне шетелдік инвесторлардың қатысуы болашақта, оның қызметін мемлекетке кері пайдаланылмайтына кепілдіктің болмауы, соғыс жағдайында қорғаныс өнеркәсібінен айырылып қалу мүмкіндігінің туындауы. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді жекешелендіруге жол берілмеуін талап етеміз.