АХҚО: 1,5 жыл ішінде мыңға жуық компания тіркелді

Ірі халықаралық компаниялардың Қазақстанға инвестиция құюға қызығушылығы артып келеді.

Бір ғана «Астана» қаржы орталығына соңғы 1,5 жыл ішінде мыңға жуық компания тіркелді. Бұл туралы арнамыздың «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берген орталық басқарушысы Ренат Бектұров мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдік компанияларды тартуға әлемдік геосаяси ахуал да әсер еткен. Қазірдің өзінде көрші мемлекеттердегі бірқатар белді компания Қазақстанға көшіп үлгерген. Олар елде жаңа жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық төлеп отыр.

Ренат Бектұров, «Астана» қаржы орталығының басқарушысы:

- Компаниялар осы орталық азиядағы бизнестерін АХҚО арқылы істейді деп сенемін. Қазірдің өзінде Мәскеуден Tik-Tok-тың кеңсесі ауысып отыр және де осы үлкен аудиторлық төрттіктің кеңсесі ауысып отыр. Көбісі басқа орталықтарға кетіп қалды. Бірақ олар әлі оралады. Енді мүмкіндіктер ашылып жатыр.