Субсидияның бірыңғай жүйесі 1 млрд теңгеден астам ақшаны үнемдеуге мүмкіндік берді

Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді.

Осы арқылы қажетті жәрдемақыны барлық фермерлер алатын болды. Бұл туралы Үкіметте өткен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Бұған дейін осыған ұқсас жекеменшік платформа қолданылған еді. Бірақ ашықтықтың болмауынан көптеген шаруа тиісті көмекті уақытылы алмаған.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, қазір өтініштер бірыңғай күту парағына енгізіледі. Өңірлерде "жария бюджет" функциясы іске қосылды. Осы платформада арзандатылған дизель отынын алуға өтініштер қабылданады. Бүгінге дейін жүйе арқылы 112 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз кезегінде жаңадан құрылған аймақтарда цифрландыру үрдісін жеделдетуді тапсырды.