Маңғыстау облысында ірі қара бордақылайтын кешендер салынады

Маңғыстау облысында ірі қара бордақылайтын 3 кешен салынады.

500 басқа есептелген 1 нысан Жаңаөзенде, қалған екеуі Мұнайлы ауданында бой көтереді. «Amanat» партиясы 5 жылда осы өңірде 15 инвестициялық жобаның жүзеге асыруына ықпал етпек. Соның ішінде мал еті мен сүт өндіру, құс фабрикасы секілді ірі жобалар бар. Депутат Самат Мұсабаев жаңаөзендік кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау шараларын түсіндірді. Тақауда жұмысын бастаған ет комбинатының ұжымымен кездесті. Шағын кәсіпорын айына 460 тонна ет ет өнімін өндіреді. Мұнда 130-дан аса адам еңбек етеді. Алдағы уақытта кәсіпорын қуатын арттырып, 200-дей жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнестің дамып жатқан азаматтар мен азаматшалармен, кәсіпкерлермен кездесу болды. Арматура дайындайтын 3 компанияны аралап шықтым. Олардың мәселелерімен таныстым. Үлкен жетістіктерге жетіп жатыр екен, бұрыннан да білеміз оларды. Парламенттің төрінде бірнеше рет жиналыс жасағанбыз. Мәселелерін шешіп беруге тырысамыз.