Екатеринбургте «Иннопром 2023» көрмесі жалғасып жатыр

Екатеринбургте Иннопром халықаралық көрмесі жалғасуда.

Бүгін қазақстандық тарап алғашқы келісімшартқа қол қойды.  Еліміздің ең ірі автокөлік өндірушісі тағы төрт компаниямен серіктес болды. Құжат шетелдік өндіріс алаңдарында шығарылатын көліктердің бөлшектерін шығаруға мүмкіндік береді. Отандық зауыт былтыр 70 мың көлік құрастырған. Айта кетейік, Ресейдегі көрмеде  отандық 250-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды.

Сергей Могилатов, кәсіпорын бас директорының кеңесшісі:

- Біз бүгін төрт меморандумға қол қойдық. Яғни шетелдік компаниялармен автомобиль әйнегін, жанармай цистерналарын, кілемшелерді бірлесіп шығаратын боламыз. Биыл қыркүйек айында Қазақстанда көшпелі иннопром көрмесі өтеді. Онда біз халықаралық ірі компанияларды шақырып басқа да келісім-шарт жасасуға ниеттіміз.