«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына 10 жыл толды

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына биыл 10 жыл.

Бағалы металл өңдейтін компания жетекшілері мерейлі 10 жылда атқарылған істі қорытындылап, өндірістің үздіктерін марапаттады.

Зауыт жұмысшыларының бірқатары мемлекеттік наградаға ие болды. Бірегей өндірісте ұйымдастырылған салтанатты рәсімге «Самрұқ-Қазына» басшылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері қатысты.

ТМД аумағында баламасы жоқ, әлемдегі ең озық аффинаж технологиясы. Тың тәсілді меңгерген зауыт 10 жылда еліміздің алтын-валюта қорын 261 тонна алтынмен толықтырған. Экологияға зияны жоқ электрохимиялық аффинаж әдісімен жұмыс істейтін өндірістің жоспары да ауқымды.

Айдар Нұрланов, "Тау-Кен Алтын" ЖШС бас технологы:

- Қазір зауытымызда қалдықтарды өңдеу цехын жүзеге асырып жатырмыз. Қазір цех толығымен дайын болып қалды. Жаңа қондырғылар сатып алудамыз, алдағы уақытта осы цехты іске қосып, өзіміздегі техногендік қалдықтарды өңдейтін боламыз.

Автоматтандырылған технологияның жетістігі сол - бүгінге дейін зауытта бірде-бір өндірістік жарақат тіркелмеген. Оның үстіне кәсіптік білімі бар қызметкерлер біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Кәсіпорынның 10 жылдығына орай, өндірістің бес үзік маманы мемлекеттік наградамен, ал тоғызы алғыс хатпен марапатталды.      

Қарлығаш Акишева, "Тау-Кен Алтын" ЖШС шаруашылық жөніндегі менеджері:

– Біріншіден тамақтандыру жағынан, сосын жеке гигиена жағынан және жұмысқа кедергісіз үйге дейін транспорт ойластырылған. 00:27 +00:44- Сол үшін біз өз басшыларымызға үлкен алғыс айтамыз бізге еңбек жасау үшін ешқандай кедергісіз әдемі, жайлы жағдай жасағандарына. 

«Тау-кен Алтын» өнімі ең жоғары сапаға ие. Әлем мойындаған стандартқа сай болғандықтан, серіктестік бағалы металл нарығының Лондон қауымдастығы тізіміне енді. Әрі сенімді өнім жеткізуші – Good Delivery мәртебесіне ие.

Бақыт Топтаева, Наурыз Құрманғазы