Ғалымжан Пірматов: Инфляция төмендеп келеді

Елде инфляция біртіндеп төмендеп келеді.

Мұны «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында ұлттық банк төрағасы айтты.

Ғалымжан Пірматов "гипер-инфляцияға жол бермедік, бұл ауыз толтырып айтарлық нәтиже" деді.

Бірақ мемлекеттің шығысы көбейе берсе, ол кезде бұл жағдай бағаның өсуіне әсер етеді. Инфляцияға әлемдегі саяси, экономикалық ахуал да ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, болжам жақсы. Қазірдің өзінде оң көрсеткіш байқалады деді ұлттық банк төрағасы.