2029 жылға қарай ел экономикасы екі есе өседі

2029 жылға қарай ел экономикасы екі есе өседі

ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды.

Премьер-Министр ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдауда айтылған барлық бастама мен тапсырманы қамтитынын атап өтті.

Құжат жедел экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл, сайып келгенде, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына әсер етеді, — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, аталған шараларды тиімді іске асыру, бірінші кезекте министрлер мен әкімдердің, сондай-ақ, тұтастай алғанда, экономикалық саясатты іске асыруға жауапты Үкіметтің үйлесімді және жедел жұмысына байланысты болады.

Барлық мемлекеттік орган мен әкімдік Жоспарды бірден орындауға кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көзделген іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қаржыландыруға қатысты барлық мәселе пысықталуы керек, — деді Әлихан Смайылов.