Моноқалаларды дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалады

Елімізде 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалады.

Үкімет Жаңатас, Қаратау және Риддер бойынша 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті. Оның аясында денсаулық сақтау, білім беру, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен сынды бірқатар маңызды бағыт бойынша нақты жұмыс жүргізіледі.

Бұған дейін Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск бойынша тиісті құжат қабылданған еді.

Мәселен, Арқалықта тау-кен байыту комбинаты салынады. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.  

Ал Жаңатаста аймақ әлеуетін көтеретін 75 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.