Үкіметте инвестициялық штаб отырысы өтті

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 9,6 триллион теңге болды.

Көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 12,2 пайызға артық. Алайда 8айдың қорытындысына сәйкес жылдық жоспар небәрі 52 процентке орындалған. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында айтылды. Әлихан Смайылов жыл соңына дейін негізгі капиталға ең кемі 18,5 триллион теңге қаржы тарту керектігін атап өтті. Сондай-ақ Алматыда бірқатар инвестициялық жобаның жүзеге асу жұмысы да тоқтап қалғанын айтты. Бұл мәселе бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров баяндама жасады. Бірақ ұсынылған ақпарат Үкімет басшысының көңілінен шықпады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарын күшейту керектігін тапсырып отырмыз. Алайда жұмыс қарқыны өте баяу. Ешқандай нақты нәтиже жоқ. Келесі жылы дейсіз, келесі жылы керек емес, бізге қазір керек.биыл керек. Халыққа қазір керек результат.  Белсенді жұмыс керек инвестициялық жобаларды іске асыру үшін.