Қазақ-қырғыз сауда айналымы артты

Қазақ-қырғыз сауда айналымы артты

Биыл жеті айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 755 миллион доллардан асты.

Бұл былтырға қарағанда 12,7 пайызға артық. Таразда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Басқосуда сауда-саттық пен өзара әріптестікті дамыту жайы талқыланды. Жыл соңына дейін екі елдің сауда айналымы екі миллиард долларға жетеді деген болжам бар. Еліміз қырғыз нарығына ұн, балмұздақ, минералды су, маргарин және күнбағыс майын экспорттайды. Ал олардан көбіне жеміс-жидек мен көгөніс келеді. Форумда экспорт көлемін ұлғайтудың бес жылдық жоспары таныстырылды. Жоба бойынша 2,6 триллион теңгенің 700 жобасы жүзеге асады. 

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Форум шеңберінде екі ел ауыл шаруашылық саласын бірігіп дамыту. Бұл жер деградациясы мәселесі, су тапшылығы, су үнемдеу технологияларын енгізу және де мынау +ғылыми ұрық бойынша мәселелерді бірігіп қарастыру, яғни климатымыз бір, жердің құнарлығы бір боп саналады, сондықтан осындай бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды.