Елімізде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция азайды

Елімізде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі төмендеген.

Мәселен Ақтөбе облысында 5 жобаны іске асыру мерзімі кейінге шегеріліп отыр. Ақмола облысында да 9 айда тартылған қаржы көлемі азайған. Сонымен қатар Маңғыстау облысында 10 жобаны іске асыру мерзімі кейінге қалдырылды. Сондықтан Премьер-министр Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесінде үйлестіру жұмыстарын жетілдіру керек екенін айтты. Осылайша, Әлихан Смайылов жобаларды кейінге қалдыратын әкімдіктерді сынға алды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Әртүрлі себеппен инвестициялық жобалар іске аспай жатыр. Жол картасын бекіттік. Барлық проблеманы сонымен шештік деп ойлайсыздар. Сіздердің тараптарыңыздан үйлестіру жұмысы керек. тек жол картасын бекіту - проблеманы шешпейді. Сіздер сол істерді қалай іске асырылыпр жатқанын бақылауларыңыз керек.