Жұмыс орындарын сақтау маңызды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторларымен серіктестіктің тоқтатылуы жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерге әсер етпеуі тиіс.

Бұл туралы Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау айтты. Оның сөзінше, комбинатта мәселе шаш етектен. Бірақ қазір өндірістің қарқыны мен жұмыс орындарын сақтап қалу маңызды. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылуы тиіс.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Біздің елде заң жұмыс істеу керек. Ол меншік иесіне байланысты болмауы тиіс. Мейлі ол шетелдік не отандық компания болсын, заң бәріне ортақ болуы шарт. Батыста мұндай жағдай орын алса, ондай компания әлдеқашан банкроттық ұшырайтын еді. Қазір біз әлеуметтік сақтандыру туралы мәселе көтерудеміз. Сақтандыру сомасы кәсіпорында мұндай жағдайды болдырмау үшін қомақты болуы тиіс.