Тауар биржаларын Үкімет анықтайды

Көмір, бидай және мұнай өнімдері енді Үкімет шешімімен айқындалатын тауар биржаларында ғана сатылады.

Осы мақсатта биржалық сауда мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, жаңа заңда биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды күшейту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өтуін болдырмау көзделіп отыр. Сондай-ақ бизнестің биржаға шығуына кедергі келтіретін жағдайларды жою шаралары қарастырылған. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату арнайы тізбеге енгізілген тауар биржаларында жүзеге асырылады. Бұл аталған тауарларға ашық баға белгілеуді, сондай-ақ ел ішіндегі және сыртқы экономикалық қызметтегі тауар ағынын бақылауға мүмкіндік береді.