Жол құрылысы мамандарының жалақысы өседі

«Жұмыс ауыр, жалақы аз».

Түркістан облысында жол саласында еңбек ететін жұмысшылар Көлік министрі Марат Қарабаевқа осылай деп шағымданды.  Олардың айтуынша, айлықтың аздығынан салада білікті мамандар тұрақтамайды. Ал елде жыл сайын 10 мың шақырым жол жөнделеді. Оның 3 мың 600 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті жолдар. Сондықтан ең көп сын да осы жергілікті жолдарға қатысты айталады»,-деді сала басшысы. 

Иса Қалдарбеков, "Оңтүстік жолдары" мекемесінің қызметкері:

- Түркістан облысында «Оңтүстік жолдары» мекемесі бар, 14 ауданға қарайды. Басты мәселеміз айлығымыздың аздығы. Соны орташа айлыққа қосып берсеңіз. Сол себептен көп жұмысшылар кетіп жатыр. 

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Келесі жылдан бастап әкімдік өз есебінен 15 пайызға көтеру жоспарлап отыр. Екіншіден ол кісілер аудандарда тағы да жолды күтіп ұстауға алып, соның есебінен тағы да ақшасын көтереміз деп отыр. Үшіншіден біздің өзіміздің әрбір жолды күтіп ұстау үшін қанша ақша қажет етеді. Сол методологияны қайта тексереміз. Мүмкіндік болса әрбір жолға бөлінген ақшаны келесі жылы көтеріп, нәтижесінде айлығын көтеруге тырысатын боламыз.