Ардагер теміржолшы: Теміржол халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді

Теміржол саласы мамандарының айтуынша, «Аягөз-Бақты» шойынжолы ел экономикасына тың серпін береді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Жүкті жеткізу уақыты да қысқарады. Стратегиялық нысан іске қосылған кезде жаңадан құрылатын Мақаншы ауданында 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал құрылыс кезінде 1700 адам жұмыс істейді.

Александр Степура, Құрметті теміржолшы:

- Теміржол құрылысы халықтың санын ұлғайтуға, әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Инвестиция келеді. Шойынжолдың бойындағы шекаралық аудандардың экономикасына тың серпін береді.