Қазақстан – Германияның сенімді серіктесі

Қазақстан – Германияның маңызды экономикалық және сауда серіктесі.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің мәліметтері бойынша, бұл мемлекеттің Орталық Азия өңірімен сыртқы саудасының 85%-і Қазақстанға тиесілі. Ұйымның аймақтық директоры Эдуард Кинсбруннердің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда берген сұхбатында экономикалық бағыт пен инвестиция тартуға ерекше назар аударды. Сарапшы атап өткендей, Қазақстанға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры:

- Қазақстан Президенті инвесторларға жасалған жағдайдың жақсарғанын айтты. Біз бұл бастаманы қуана құптаймыз. Көптеген бірлескен жобалар бойынша тауар айналымында жақсы өсім бар. Орталық Азия басты назарда және біздің ел үшін Қазақстан өңірдегі жетекші мемлекет болып саналады.  Тағы бір маңызды жайт, әрине, мамандар. Әлеуетті инвесторлар үшін кадрлар әрқашан маңызды.