Жастардың 21%-і өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді

Қазақстанда жастардың 21%-і өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Еңбек нарығының үшінші ұлттық баяндамасын әзірлеген сарапшылар осылай дейді. Олардың көбі сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларында жүр. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болып тұр. Мамандар еңбек нарығына шығатын жастардың саны жылдан жылға артып келе жатқанын айтады. Бұл тұста енді жұмыссыздар мен NEET санатындағылар көбеюі мүмкін. Сондықтан сарапшылар еңбекке тарту шараларының тиімділігіне де талдау жүргізді.

Шалқар Байқуатов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті:

- Шаралардың бәрін зерттеп шықтық. Өзіміздің рейтингімізді жасадық. Сол рейтингке сәйкес келетін болсақ, қысқамерзімді оқыту жұмыс орнында ең эффективті болып тұр. Әлеуметтік жұмыс орындары, жалпы жұмыс орындары, сол шараларды өсіру керек. Үшіншіден, кәсіпкерлік дамыту бағдарламалары. Біздің "Бизнес бастау" және гранттарды бөлу.