СҚО-да инвестиция 17% өсті

СҚО-да инвестиция 17% өсті
www.gov.kz

СҚО әкімдігінің отырысында экономикаға инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

2023 жылы облысқа 445 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 17,3 пайызға өсті.

Сондай-ақ облыс ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі бойынша жыл сайын көш басында келеді. 2023 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 175 млрд теңге тартылды.

2024 жылы инвестиция тарту бойынша жоспар 557 млрд теңгені құрайды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов инвестицияның жеке көрсеткіш ретінде бөлектелуі тегін еместігін, өйткені экономика дамуының драйвері екенін атап өтті. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Аймақ басшысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып, инвестиция тарту жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және биыл жүзеге асатын нақты инвестжобаларды анықтауды тапсырды.

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі