180 индустриялық жоба іске асырылады

Былтыр өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Осының арқасында саланың экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібімен теңесті. Бұл іс биыл да жалғасын таппақ. Атап айтсақ, Үкімет 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасып жатыр. Бұл экономиканың барлық саласына қатысты.