Жаңа инвестициялық кезең. Блиц

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек деді.

Бұл жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті болмақ. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы қажет деген мемлекет басшысы аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуға тиіс екенін айтты. 

Өтеген Айшуақов, қала тұрғыны:

- Инвестиция – ол елімізге керек қой. Инвестициясыз біздің экономикамыз дамымайды. Сондықтан ол кісілердің ой пікірі дұрыс деп есептеймін.

Асқар Сағындықов, қала тұрғыны:

- Инвестиция тарту керек. Қазақстан орталық жерде ғой. Оған Қытай да, Америка да, Европа да береді. Теміржолды үлкейту керек. Келетін тауарды қабылдап, оны Европаға жіберіп пайда тауып.