Цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны қадағалау жобасының ауқымы кеңейеді

Цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау жобасының ауқымы кеңейеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Президенттің осыған қатысты тапсырмасын іске асыру жайы талқыланды. Өткен айда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ақшаны бояу жобасын  жүзеге асыру аясын кеңейтуді тапсырған еді. "Ақшаны бояу" тетігі ең алдымен жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларда қолданылады. Кеңеске қатысушылар платформа жұмысының техникалық аспектілерін және "боялған ақшаны"» қадағалау мүмкіндіктерін қаузады. Қорытындысында мүдделі тараптар Жол картасын бекітті.