Елордада экономистер клубының бірінші отырысы өтті

Бүгін елордада экономистер клубының бірінші отырысы өтті.

Жиында экономикалық үрдістердің Қазақстан экономикасына әсері талқыланды. Шетелдік және отандық сарапшылар елдің қаржы-экономикалық бағытына баға берді. Атап айтқанда, салық берешегі мәселелері, инвестицияларды дамыту және экономиканы ырықтандыру мәселелері талқыланды. Жиында қатысушылар болашақта экономиканың қай саласы маңызды болатыны туралы өз болжамдарын атап айтты.

Ғалымжан Айтқазин, сарапшы:

- Бүгін, біріншіден Қазақстан экономикасындағы ахуалды мәселелерді талқылауға жиналып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл жиын NAC ANALITIC НУ қасындағы зерттеу орталығымен ұйымдастырылған. Ең басты мақсаты Қазақстанның экономика саласындағы үлкен мәселелер ол макроэкономикалық прогнозирование жаңа салық кодексі және елімізде жиналып қалған көптеген экономикалық проблемалардың шешімін іздеу болады.