Су тасқынынан бизнеске келген шығынды өтеу тәртібі белгіленді

Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің шығынын өтеу тәртібі әзірленді.

Құжат жақын арада қабылданады. Шығынды өтеу бағасына жоғалған мүліктің, тауарлық-материалдық заттардың, қираған және зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарының құны кіреді. Төлемдер мемлекеттік бюджет пен өңірлердегі бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебінен төленеді. Қазір облыстық әкімдіктер мен «Атамекен» өңірлік палаталары тізім жасап, бағалаушы компаниялар мен адвокаттарды айқындап жатыр. Олар залалдың алдын ала сомасын есептейді.