Импорт сүтті әкелушілерге қатысты тергеу жүргізу ұсынылды

Жосықсыз импорттаушылар тарапынан жасалып жатқан демпинг фактілеріне тергеу жүргізу керек.

Қажет болған жағдайда шикі сүт пен оның концентратын әкелуге тыйым салу маңызды. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов осындай мәселе көтерді. Ол мемлекеттік сатып алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде отандық сүт өнімдірушілерге басымдық беру қажет деді. Әйтпесе делдалдардың да жеңімпаз атануы жиіледі. Депутат сырттан келетін өнімдердің арзан болғанымен сапасы нашар екенін атап өтті. "Бұл отандық өнімдердің бәсекелестігін төмендетіп, тіпті еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз" деді.

Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кейбір саланың мемлекеттік сатып алу жүйесіне кәсіпорынның отандық өндіруші мәртебесін куәландыратын құжат мехнизімін енгізу қажетпіз. Яғни, бұл құжатты алу үшін кәсіпкер техникалық, технологиялық, ресурстық мүмкіндіктері бар екенін көрсетуі және тауар өндіруге шамасы жететіндігін дәлелдеуі тиіс. Егер, мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы тек қана өндірістік сертификатқа ие кәсіпкерлер арасынан анықталған жағдайда, тапсырыс берушілерге сапалы сүт өнімдері жеткізіледі және нарықтағы делдал мекемелердің саны азаятын болады.