Дубайдағы көрме. LIVE

Саяхат және туризм индустриясы технологиялық жаңаруға бағыт алды.

Бүгін Біріккен Араб Әмірлігінде бастау алған «Arabian Travel Market» іс-шарасында туризм саласына энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу тәжірибесі таныстырылуда.

- Бізге көрме барысы туралы айтып берсеңіз?

Бибігүл Нысанбаева, тілші:

- Дәстүрлі Arabian Travel Market туристік көрмесінде тұрмын. Басты тақырыптың бірі туризм саласындағы зиянды қалдық шығаруды азайту. Былтырғы көрмеге қарағанда, ұйымдастырушылар жәй талқыдан нақты ұсыныстарға мән бергенге ұқсайды. Өйткені, 100-ден астам туризм бойынша технологиялық компания қатысып, өз өнімдерін белсенді түрде таныстырып жатыр. Биыл АТМ-ге 60 мың адам тіркелген, 2500 стенд қойылған, 165 ел қатысып жатыр. Қазақстанның атынан туризм нарығында қызмет ететін туроператор, әуе компаниялары, қонақ үй басшылары мен аймақтық туризм басқармаларының мамандары қатысып, B2B кездесулерге қатысып отыр. Осы халықаралық көрме аясында Астана қаласын таныстыруға арналған роуд шоу өткізу жоспарланып отыр. Өйткені, Таяш Шығыс елдерімен туризм саласындағы байланыстар нығая түсті. 

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Араб мемлекеттерінен келген туристердің саны былтыр мысалы алдыңғы жылмен салыстырған кезде екі еселеп өскен. Отыз мыңға дейін жеткен. Оның арасында Оманнан келгендері үш есе, Бахрейн, Катар, Кувейт екі еседен астам. Біріккен Араб Әмірліктерінің өзі 62 пайызға өсіп отыр. Жалпы, қызығушылық өте жоғары. Туристік компаниялары, блогерлер, СМИ барлығы келіп жатыр, осының арқасында туристер санын ұлғайтсақ па деп отырмыз.

Маркус Клар, көрмеге қатысушы /Германия/:

– Парсы шығанағы елдерімен бұрыннан жұмыс істейміз. Мұнда бірнеше қонақүй біздің жүйеміз арқылы жұмыс істеп жатыр. Биыл біздің компания Орта Азия елдерімен байланыс орнатуды жоспарлайды. Сол үшін осы көрмеге арнайы келдік.     

Бибігүл Нысанбаева, тілші:

- Әр елден жиналған делегаттар төлем қабылдау, кәсіби даму, жалпы, процестерді жеңілдету үшін соңғы  технологияларды қолдану, артафишал интеледжент, яғни жасанды интеллекттің саяхат және туризм саласына әкелетін өзгерістері туралы ой бөлісуде. ЖИ-ге қатысты технологиялық ұсыныс әрине, өте көп, әрі оған сұраныс жоғары. Қарапайым тілдік көмекші, аудармашы құралдар, броньдауға қатысты барлық операцияларды автоматтандыратын технологияларды осы көрмеге әкелген екен. Алдағы төрт күнде оны іске қолдану жолдары айтылып, өзара тәжірибе алмасу болмақ.