352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018: Ақтық сынды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

  • 278

«Junior Eurovision song contest» халықаралық байқауының республикалық іріктеуіне қатысатын финалистердің есімі жарияланды.

Енді 10 өнерпаз 22 қыркүйекте Алматы қаласының туған күніне орай өтетін гала-концертте бақ сынайды. Қатысушыға смс-хабарлама немесе телефон қоңырауын шалу арқылы дауыс беріп, тандау жасауға болады. Жеңімпаз халық дауысы және қазылар алқасының ортақ шешімімен анықталады. Гала-концертте финалистер бұған дейін еш жерде айтпаған әндерді шырқайды. Бұл кештен «Хабар 24» арнасының тілшілері тікелей қосылымға шығып, ән байқауы жөнінде жан-жақты ақпарат береді. «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ал жүзден жүйрік шыққан дарын иесі 25 қараша күні Минск қаласында өтетін балалар сайысында ел намысын қорғайды.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– 25 қараша күні Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ақтық сынын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Бұл – біздің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі ретіндегі басты міндетіміз. Жалпы алғанда, қазақстандық делегация Минскіге шамамен 1 апта бұрын барады. Арнайы дайындық жұмыстары болады. Дайындық процестерінің барлығын «Хабар» және «Хабар 24» арналарының жаңалықтар қызметі арқылы көрерменге көрсетіп отыратын боламыз.

Айта кетейік, байқау қатысушыларынан 200-ге жуық материал келіп түскен. Өтініштер 1 ай бойы «Хабар» арнасының сайты арқылы қабылданды. Нәтижесінде кәсіби музыканттардан құралған қазылар алқасы 10 финалисті іріктеп алды.

Хабар 24 телеарнасы