363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018. Жас таланттардың дайындығы қалай өтіп жатыр?

  • 382

Қазақстандық жас таланттар биыл Junior Eurovision 2018 ән байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

Республикалық іріктеу кезеңінен өткен 10 жеңімпаз 22 қыркүйекте Алматыда өтетін гала-концертке дайындалып жатыр. Солардың бірі – 13 жастағы Зере Әмірбекова. Таланты мен еңбегін ұштастырып жүрген өнерлі жастың байқау алдындағы әзірлігін тілшілеріміз көріп қайтты. 3 жасынан бастап өнердің сиқырлы әлеміне қанат қаққан Зере – қазірдің өзінде бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері. Сабақ, би, спорт пен вокалды қатар алып жүрген ол, дыбыс жазу студиясында өзін еркін сезінетінін айтты.

Зере Әмірбекова, байқауға қатысушы:

– Спорттың музыкада көмегі зор. Себебі сахнада өзіңді сенімді сезінесің, еркін қимылдай аласың. Ән айтып тұрып, музыканың ырғағына сай қимыл жасап, билеуің керек.

Биыл Минск қаласында өтетін балалардың Евровидение байқауына қатысуға 19 мемлекет өтініш берген. Демек, бәсеке де жоғары. Балалары үшін тақымын қысып отырған ата-аналар «ең бастысы еліміздің абыройын асқақтатса екен», – дейді. Айта кетейік, Зере Әмірбекова Мәскеуде өтетін «Битва талантов» байқауына да шақырту алыпты.

Жанар Әмірбекова, Зеренің анасы:

– Дайындалып жатырмыз. Евровидение – ол біз үшін маңызды конкурс. Барлық бала талантты. Дайындалып жатырмыз. Кім өтсе де, қуанамыз.

22 қыркүйекте Алматыда гала-концерттің жеңімпазы атанған әнші бала 25 қарашада Минск қаласында өтетін балалар Евровидениесі - 2018 байқауына жолдама алады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы