USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

EXPO көрмесінің жабылу салтанатын Сеулде тамашалады

EXPO көрмесінің жабылу салтанатын Сеулде тамашалады

EXPO көрмесінің жабылу салтанатын «Хабар 24» арнасының тікелей эфирі арқылы Оңтүстік Корея тұрғындары да тамашалады.

Сеулде шоу түнгі сағат 23.00-де басталды. Шараны көрген кәсіпкер Им Сон Тек Астанаға келуге бел буған. Ол EXPO туралы естігенмен, уақыт тауып келе алмағанына өкінеді. Ал теледидар арқылы жабылу салтанатын көргенде таңғажайып отшашудың көркемдігіне тамсанғанын айтады. «Астана Нью-Йорк секілді мегаполиске ұқсады», дейді Им Сон Тек.

Им Сон Тек, кәсіпкер:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ең беделді мемлекет екенін естігенмін. EXPO 2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанатында осыған көз жеткіздім. Алғашында көрме алаңын көріп, бұл Америка, әлде басқа бір ірі мемлекет деп қалдым. Мен тек Алматыда ғана болғанмын, Астана да әдемі қала екен. Алдағы уақытты Астанаға міндетті түрде барамын.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде