USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


EXPO кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметкерлер марапатталды

  • 104
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
EXPO кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметкерлер марапатталды

«ЭКСПО- 2017» көрмесінде қауіпсіздік толық сақталды.

Бүгін ішкі істер министрлігі халықаралық шара өткен 93 күнге қатысты жұмысын қортындылады. Дайындық және көрме кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз еткен 170-тен астам қызметкер ведомстволық төсбелгілермен марапатталды.

Министрдің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, барлығы 9 мыңға тарта қызметкер, 115 бірлік техника және 5 тікұшақ ала жаздай мүлтіксіз қызмет көрсетті. Оның ішінде 1285 маман төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамынан. Ал еліміздің өңірлерінен келген 300-ден астам тәртіп сақшысы тұрақты жұмыс орындарына оралады.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Әлбетте ЭКСПО қалашығындағы кей нысандарда аздаған қолайсыздықтардың болғаны рас. Электр желісінде тоқтың тұйықталуы, түтіндеу секілді жағдайлар болды. Біз халықаралық көрме кезінде бұл жайттарды хабарлаудың өзін артық санадық. Өйткені біздің қызметкерлер кәсіби біліктіліктерімен кез келген төтенше жайдайдың алдын ала білді.

Артур Платонов, өрт сөндіруші: 

- Жаз бойы ЭКСПО аумағында қызметімді адал атқардым деген ойдамын. Кез келген сәтке дайын болып, қырағылық таныттым. Отшашу кезінде бәріміз күшейтілген режимде жұмыс жасадық.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top