USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


EXPO көрмесінің жабылу салтанатын Германиядағы қандастарымыз тамашалады

  • 141
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
EXPO көрмесінің жабылу салтанатын Германиядағы қандастарымыз тамашалады Новостной портал Infozakon

Елордадағы EXPO-2017 көрмесінің жабылу салтанатын тікелей эфирде тамашалаған Германиядағы қандастарымыз халықаралық шараға жоғары баға берді. Берлинге бұдан 20 жыл бұрын қоныс аударған Мекебаевтар отбасы шетте жүрсе де, атажұрттағы жаңалықтан үнемі хабардар екенін айтады.

Сондықтан EXPO-ның межеге жеткен мезетін күллі отбасымен бірге көріпті. «Әлем көз тіккен көрмені қазақ елінің абыроймен атқарғанына дән ризамын», – дейді Болат Мекебаевтың өзі.

Елена Мекебаева, суретшінің жұбайы:

– Отанымыздан алыс жүрсек те, біздің жүрегіміз әрқашан ондағы туыстарымыз, достарымызбен бірге. Сондықтан да EXPO-2017 көрмесін атажұрттағы елмен бірге көргендей болдық. Бұл естен кетпес айтулы шара. Өте керемет. Таңданысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Болат Мекебаев, суретші:

– Кеудемді мақтаныш кернеді. Қысқа мерзім ішінде осындай жаһандық шараны өткізген еліммен мақтанамын. Жұбайым екеуміз жақында елге барамыз. Онда неміс халқының депортациялануы жайлы кітабым жарыққа шығады. Астанада да боламыз. Сонда міндетті түрде «Нұр Әлем» сферасын көретін боламын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top