USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Астанада «ЕХРО 2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференция өтті

  • 108
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Астанада «ЕХРО 2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференция өтті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтында «ЕХРО 2017. Жасыл экономиканың келешегі» атты конференция өтті. Сарапшылар, қоғам қайраткерлері және саясаткерлер мамандандырылған көрменің алғашқы нәтижелерін талқылап, әлемдегі жасыл технологиялардың болашағына қатысты ойларын ортаға салды.

Астана көрмесі ең алдымен Қазақстан экономикасына қосқан мультипликативті әсеріне назар аудартты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салықтың 1,2 есе өскені, кәсіпкерлік субъектілер санының 10 пайызға көбейгені де айтылды. «Астана ЕХРО-сы дүние жүзі мамандарының болашақ энергиясын дамытуға арналған ең ауқымды жобаларының алаңы болды, – десті сарапшылар. Дүниежүзінің неліктен баламалы қуат көздерін іздеуге мүдделі екенін де айтты.

Айжан Мұқышбаева, сарапшы:

– Әлемде бір млрд-тан астам адам энергия тапшылығын көріп отыр. Әлемдік жалпы экономиканың өсуі көп әнергияны қажет етеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктердің болжамдарына сүйенсек, 2040-жылдарға қарай осы энергия ресурстарына деген сұраныс 30 пайызға артады екен. Әлемдегі энергияға деген қажеттілік мұнай газ көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерінен алынып келеді. Ал балама энергияның үлесі – бар болғаны 20 пайыз. Осыған байланысты әлем елдері қазір жасыл экономикаға көшу жолында.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top