USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


EXPO көрмесіне қатысқан израильдіктер еліне орала бастады

  • 67
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
EXPO көрмесіне қатысқан израильдіктер еліне орала бастады

EXPO-2017 көрмесіне қатысқан израильдіктер туған жеріне қайта бастады. Солардың бірі Анна Магина. Алған әсерімен бөліскен ол көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және павильондардың керемет жабдықталғанын ерекше атап өтті. 

Сондай-ақ Израиль экспозициясының ең алдымен қазақстандық тарап арқасында табысқа жеткенін айтып отыр.

Анна Магина, Израиль павильонының пиар-менеджері:

Астанада өткен EXPO көрмесін көріп, қалай таңғалғанымды сөзбен жеткізу қиын болар. Көрме архитектурасы мен бүкіл алып жатқан кеңістігін жобалаудан бастап, бәрі де жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастырылған. Жалпы мұны барлық елдің өкілдері мойындай алады. Техникалық жабдықталуы, логистикасы мен өзара үйлестіру керемет болған. Сол үшін ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.  

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top