USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Бельгиялық журналист: Астана Орталық Азияның қаржылық хабына айнала алады

  • 140
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Бельгиялық журналист: Астана Орталық Азияның қаржылық хабына айнала алады

«Brussels Express» басылымының бас редакторы, бельгиялық журналист Антонио Бускардини Елордадағы EXPO-ның инфрақұрылымы ел игілігіне жарайтын жақсы мүмкіндік екеніне сенімді.

Маусым айында Қазақстанға келген ол Францияның «TV5Monde» телеарнасына Астана мен EXPO жайлы бірнеше деректі фильм әзірлеген еді. Бүгінде аталмыш телеарнаның эфирінен Қазақстан жайында 4 деректі фильм мен EXPO 2017 көрмесіне арналған бір бағдарлама көрсетілді.

Антонио Бускардини, «Brussels Express» басылымының бас редакторы:

- Инфрақұрылым – маңызды шаралар өткізуге қолайлы орын. Сондықтан да фильм даярлау барысында менің ең басты сұрақтарымның бірі осы болды. Кейін бұл аумақ қандай мақсатта пайдаланылады? Мысалы 1994 жылы Лиссабонда бой көтерген қалашық әлі күнге дейін қолданыста. Ал Барселонада керісінше кейбір құрылым қолданыстан шыққан. EXPO 2017 көрмесінің өзіндік артықшылығы бар. Енді қалашықта халықаралық қаржы орталығы орналасады. Астана Орталық Азияның нағыз қаржылық хабына айнала алады деген сөз. Бірнеше павильон сол мақсатта қолданылуы мүмкін деп ойлаймын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top