USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



ЕХРО көрмесін мінсіз ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға алғысымды білдіремін

  • 144
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ЕХРО көрмесін мінсіз ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға алғысымды білдіремін

Астанада EXPO-ның ұйымдастырылуы Қазақстанды халықаралық жаңа деңгейге шығарып, бұрынғыдан да танымал ете түсті.

Көрмедегі Латвия павильонының комиссары болған Янис Эндзиньш осындай пікірде. Көптеген форумға қатысқан ол іс-шаралардың үлкен дайындықпен және абыройлы өткенін атап өтті.

Янис Эндзиньш, Латвиядағы EXPO 2017 комиссары: 

- Бұл ауқымды шараны мінсіз ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға алғысымды білдіргім келеді. Барлығы да керемет. EXPO қалашығы да сөз жоқ, ғажап. Көрменің ашылу салтанаты, сондай-ақ өзге де іс-шаралар ерекше әсерге бөледі. Қазақстанға бар жақсылықты тілеймін. EXPO қалашығының өзі де көрмеден естелік қана емес, ауқымды қаржы орталығына айналып, алға қойған мақсатына жетеді деп сенемін. Әрбір іс-шараға мемлекет басшылары қатысқандықтан, оңай міндет болмады. Барлығы да сәтті өтті деп ойлаймын. Өз басым Қазақстан халқының қонақжайлылығын сезіндім. Барлығының жүзі жайдарлы, қуанышты, жақсы әсер қалдырды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top