USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

EXPO көрмесі әлемдік аренада Қазақстанның беделін көтерді

EXPO көрмесі әлемдік аренада Қазақстанның беделін көтерді

EXPO көрмесі әлемдік аренада Қазақстанның беделін көтеріп, танымал ете түсті.

Гумбольдт университетінің еуропалық бағдарламалар жетекшісі Маттиас Парске осындай пікірде. Астанада өткен EXPO көрмесіне шетелдік қонақ Германиядан екі рет келіпті. Ол халықаралық шараның басты ерекшелігі деп, өзара әрекеттестікті айтқысы келеді. Ал барлық павильонның ішінде еліміздің «Нұр Әлем» кешені көңілінен шыққан. Себебі құрылысы бөлек және ақпарат ұсыну тәсілі жоғары дейді маман.

Маттиас Парске, Гумбольдт университетінің еуропалық бағдарламалар жетекшісі:

– Мен EXPO-ны көру мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Астана қонақтарды жоғары дәрежеде қарсы алды. EXPO-ның ұйымдастыру деңгейі таңғалдырды. Тамаша шара. Астананың дамып, керемет қалаға айнлағанын көріп, көз қуанды. Германияның, Австрияның және Польшаның павильондары ерекше есте қалды. Дегенмен «Нұр Әлем» нағыз өнердің туындысы дер едім. Энергияның қолжетімді барлық түрі қойылған. Оның баламалы және алу жолдары бар екенін көріп, адамзаттың болашағына алаңдамай-ақ қоюға боларын түсіндім. Барлығы да тамаша өтті.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде